Атырау, 27 қараша 07:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

2 205 просмотра

Image 0Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы мақсатта әкімдік 1 миллиард теңге бөлуді жоспарлаған. Осыған дейін аймақ тұрғындарынан 1740 өтініш келіп түскені белгілі болды. Бағалау компаниялары барлық нысандарды қарап шықты.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағалаушылар 1069 үй туралы есеп берді. "Шығынның орнын толтыру мақсатында 12 мамырда халыққа 220, 527 миллион теңге берілді. Соның ішінде, Саран, Абай, Шет, Ұлытау қалалары және Жаңаарқа ауданына келген шығын толықтай өтелді. Бұқар жырау ауданына төлем біртіндеп аударылып жатыр", - деді әкімдіктегілер. Жергілікті биліктің мәліметінше, қалған шығын алдағы үш күннің ішінде өтеледі. 16 мамырдан бастап су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысындағы аудандар мен қалаларда тұрмыстық техника, құрылыс материалдары мен жиһаздар төмен бағамен сатылатын жәрмеңке болады.

Айта кетейік, табиғи апаттан зардап шеккендер жаңадан үй тұрғыза бастады. Аймақта 349 авариялық үй бар. Апаттан зардап шеккендердің ішіндегі үйі бұзылмайтындарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде берілді. Еске сала кетейік, Қарағанды облысында су тасқыны 2015 жылдың 10 сәуірінде басталған еді. Облыстағы 9 ауданның ішінде 40 елді мекен, екі қыстақ су астында қалды. Олардың ішінде 4 мыңнан астам тұрғыны бар Ғабиден Мұстафин атындағы ауыл да бар.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 мамыр 2015, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.