Атырау, 27 қараша 07:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Оралда тәуіп әйел екі сәбидің өліміне кінәлі деп айыпталып жатыр

5 588 просмотра

Image 0Оралдық тәуіп екі сәбидің өлімі үшін айыпталып жатыр, - деп хабарлайды "Мой город" қалалық прокурордың бас көмекшісі Алмагүл Исмағұловаға сілтеме жасап. Кішкентай сәбилердің бірі өткен жылдың қазанында өлсе, екіншісі 2015 жылдың наурызында қайтыс болған.

Исмағұлованың айтуынша, 2014 жылы туылған сәби облыстық балалар ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ол "жоғары температураның әсері, сасыршөппен 7,5 сағат орап тастаудың салдарынан ісіну, энцефалопатия, үшінші дәрежелі есін жоғалту" диагноздарымен жан сақтау бөліміне жеткізілді. Сәбиді құтқарып қалу мүмкін болмады.

"Тергеу барысында сәбидің анасы Нина деген тәуіп әйелдің кеңесімен баласының денесіне 7,5 сағат бойы сасыршөп ұнтағын қойғаны анықталды. Оның айтуынша, бала көп жөтелген, баласын айықтыру үшін біреулер оған дәстүрлі емес медицина жолымен емдейтін Нина деген тәуіп әйелге баруға кеңес береді. Тәуіп баланы қарап шығып, емдеуге уәде берген. Әйел емі үшін 1000 теңге ақша алған", - деді прокуратура өкілі.

Осы жылдың наурызында тағы бір сәби қайтыс болды. Бұл жолы тәуіп Нина 2015 жылы туылған кішкентай сәбидің ішін лейкопластырьмен орап тастаған. "Ол сәбидің анасына лейкопластырьді он күнге дейін баланың ішінен алмауға кеңес берген. 4 сәуірде бала өте ауыр жағдайда ауруханаға түсті, кейін жан сақтау бөлімінде қайтыс болды", - деді Исмағұлова. Болған оқиғаларға қатысты "Сертификатсыз немесе заңсыз медициналық қызметпен айналысу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 мамыр 2015, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.