Атырау, 18 мамыр 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Назарбаев генералдардан көңілін қалдырмауды сұрады

2 487 просмотра

Image 0Қазақстан Президенті қазақстандықтардан ерекшеленіп тұратын шен иелерін қабылдап, оларға әскери және арнайы лауазымды атақтарды табыстай отырып бата берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан.

"Сіздер әлемде жасалынып жатқан барлық тәжірибелерді үйреніп, командир, генерал ретінде өздеріңіз жасап көру керектігін ұмытпаңыздар. Сіздерге берілген лауазымды абыроймен алып жүріңіздер. Мен генералдардың заңды бұзып, лауазымдарынан айырылып жатқанын білген кезде қатты қапаланамын. Сіздердің орталарыңызда біреудің осындай жағайға түскенін қаламаймын. Сіздер осы погонды лайықты түрде тағып, еліміз үшін абыроймен қызмет етеді деп сенемін", - деді Назарбаев.

Президент жаңа лауазымды, соның ішінде генерал лауазымын алу үлкен абырой әрі жауапкершілікті талап ететін айтып өтті. Ол шақырылғандарға елге қызмет ету үшін жұмыс кестесі жоқ мамандық пен осындай жолды таңдағандарын айтты. "Тәулік бойы ұғымы - сіздердің міндеттеріңіз", - деді Мемлекет басшысы.

"Жау жоқ болса, соғыс та жоқ" деген әңгіме бар. Мемлекет айналамыздағылармен бейбіт қарым-қатынаста болу үшін барлығын істеп жатыр. Бірақ бұл біз бейқам отыру керекпіз дегенді білдірмейді", - деді Назарбаев.

Дереккөз:tengrinews.kz

6 мамыр 2015, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.