Мемлекет басшысы қазақстандық компанияларға шетелдік басшыларды тағайындаудың артықшылығын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз қазір банк жүйесін қалыпқа келтіріп жатырмыз. "БТА" мен "Қазкоммерцбанкті" біріктірдік, банкты құрып, басқаруға Англиядан менеджерді шақырдық. Бұл банк құрметті болады және оған сенім артылып, ешқандай "шуры-муры" болмайды деп сенемін", - деді Президент Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.
"Егер біз жетілмеген болсақ, қайтеміз? Жастар біртіндеп жетіліп, тәжірибе жинақтайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда журналистермен кездескен Қазком басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов БТА Банкі шоттарының 2015 жылдың ортасына қарай Қазкомға беріле бастайтынын хабарлады.
Дереккөз: tengrinews.kz