«БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниясы тобының астаналық автоорталығында жеңілдікпен несие беру бағдарламасына қатысатын алғашқы көліктің кілті табыс етілді. Бірегей бағдарламаның игілігін астаналық Жәнібек Сәдуақасов көрді.
Жаңа көлік иесін бағдарламаның тиімді шарты қызықтырған: қолжетімді баға, несие мерзімі 5 жылға дейін. Бастапқы жарна - көлік құнының 20 пайызынан аспайды, әрі авто Қазақстан аумағында шығарылған. Бұл мүмкіндіктер қазақстандықтар үшін Қазақстанның 26 қаласында ашылды. Ол жерлерде компанияның филиалдары жұмыс істеуде. Мына көліктерді: Chevrolet маркасының 6 үлгісі, KIA брендінің 12 үлгісі, LADA жол талғамайтын көлігі, SKODA маркасының 4 үлгісін ала алады, деп хабарлады компаниядан.
Жаңа көлік иесі Ж. Сәдуақасов: «4 пайыздық несиелеу бағдарламасы арқасында өзіме ұнаған SKODA RAPID» алдым. «ЦентрКредит» банкі мақұлдады, енді бірнеше күннен кейін көлігімді алып кетемін», - дейді.
«Skoda Rapid» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының тарихын ашты. Бұл Қазақстанда құрастырылған көліктердің бірі, ол 2 жылға жетпей, Қазақстан нарығында №1 еуропалық үлгі мәртебесіне ие болды. 2015 жылғы бірінші тоқсан нәтижесі бойынша ҚР жеңіл көлік өндірісі көлемінде «АЗИЯ АВТО» АҚ үлесі 79 пайызды құрады.
«БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниясының астаналық автоорталығының директоры Бақыт Сәтпаевтың айтуынша, Үкіметтің бастамасы сатып алушылардың ерекше қызығушылығын тудырған, осыдан кейін компанияға жүгінушілердің саны арта түсті.
«Нұрлы жол» бастамасы бойынша қазақстандықтар елімізде шығарылған көліктерді қолжетімді несиемен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Бағдарлама қатысушыларының ай сайынғы төлемі 32,4 мың теңгені құрайды. 5 жылға несиелеу мерзімінде 20 пайыздық бастапқы жарна мен жылдық 4 пайыздық сыйақы ставкасымен жол талғамайтын LADA 4*4 көлігін сатып алатындардың шығын мөлшері осындай.
Дереккөз: ҚазАқпарат