Ана болуға қолайлы әлем елдерінің рейтингін Save the Children қайырымдылық ұйымы жария етті. Бұл рейтингте Қазақстан 58-орында тұр. Тізімді құрастырушылар әлемнің 179 еліндегі аналар жағдайына баға берді.
Зерттеу барысында әртүрлі көрсеткішке талдау жасалды, олардың арасында жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің өлімі де бар. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің қолжетімдігі, жалпы ұлттық кіріс деңгейімен байланысты экономикалық ахуал мен мемлекеттік басқаруға қатысушы әйелдер санымен байланысты саяси жағдай бар.
Ана болуға қолайлы елдердің көшбасында Норвегия тұр, одан кейінгі орындарда - Финляндия мен Исландия. Төртінші орын - Данияда, ал бесіншісі - Швейцарияда. Ана болуға жайлы елдердің ондығында Нидерланды, Испания, Германия, Австрия мен Венгрия бар. АҚШ 33-орынға ие болды. Айта кетейік, бұл көрсеткіш ең дамыған елдер арасындағы ең нашар көрсеткіш болып есептеледі. Франция 23-орында, Ұлыбритания - 24, ал Қытай 61-орында.
Бұрынғы КСРО елдері арасындағы ең жақсы көрсеткіш Беларусьте, ол тізімнің 25-орнында тұр. Ресей - 56, Қырғызстан - 60, Украина - 69, Өзбекстан - 118, ал Тәжікстан 127-орында. Көрстекіштер бойынша, Сомали ана болуға ең жайсыз ел деп танылды. Төменнен жоғары қарай санағанда екінші және үшінші орындарда Конго мен Орталықафрика Республикасы тұр.
Дереккөз:tengrinews.kz