Атырау, 27 қараша 07:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстанда Алматы қаласы мен облыс әкімдері тағайындалды

2 350 просмотра

Image 0Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына сәйкес, Мемлекет басшысының жарлығымен төмендегі азаматтар әкімдікке тағайындалды:

Ахметжан Смағұлұлы Есімов – Алматы қаласының әкімі;

Сергей Витальевич Кулагин – Ақмола облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі;

Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов – Атырау облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Батыс Қазақстан облысының әкімі;

Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев – Жамбыл облысының әкімі;

Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков – Қарағанды облысының әкімі;

Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов – Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;

Алик Серікұлы Айдарбаев – Маңғыстау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Павлодар облысының әкімі;

Ерік Хамзаұлы Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әділбек Жақсыбековтің Астана әкімі болып қайта сайланғаны хабарланған болатын. "Бүгін елордада бесінші шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс 51-ші сессиясы өтті. Күн тәртібіне елорда әкімін тағайындау мәселесі шығарылды. Сессия барысында халық қалаулылары Мемлекет басшысының Астана қаласының әкімі қызметіне Әділбек Жақсыбековті тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады", - деп хабарлады елорда әкімдігіндегілер.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 мамыр 2015, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.