Қазақстан Парламент а депутаттары «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктерді пайдаланудың құқықтық негіздерін анықтаға бағытталған.
«Біріншіден, әлеуметтік заңнамалардың нормаларын Мемлекет басшысы айқындаған әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарымен сәйкестендіреді. Соның ішінде, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясының міндеттері қамтылады. Екіншіден, қолданыстағы заңнамаларға бірдей ең төменгі стандарттарды белгілеп, бірыңғай ұғымдар енгізіледі. Осылайша, азаматтарға кепілдендірілген әлеуметтік көмектер берудегі бірыңғай құқықтық тетік қалыптасады. Үшіншіден, әлеуметтік саланы реттеуде бірыңғай қадамдар қамтамасыз етіледі», - деді Мәжіліс депутаты Светлана Ферхо.
Деркеккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.