Қашағанда мұнай өндіру жұмысы 2016 жылдың желтоқсанында жанданатын болады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник бүгін "Жасыл экономикаға" көшуі саласындағы заңнаманы жетілдіру: қалдықтарды басқару және шығарындыларды реттеу" дөңгелек үстелі барысында мәлім етті.
«Қашағанда жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүруде. Ең алдымен сапасыз болып шыққан құбырлар алмастырылуда. 2016 жылдың желтоқсанында жұмыстар аяқталуы тиіс және кеніш іске қосылады деп жоспарлануда», - деп атап өтті ол.
Жобаны қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз», Royal Dutch Shell, ExxonMobil, Eni, Total, Inpex және CNPC жүзеге асыруда. Қашаған мұнай кенішінде шамамен 5 млрд. тоннаға жуық мұнай қоры жатыр деп болжануда және ол соңғы жылдары теңіз табанында табылған ең ірі мұнай орындарының бірі болуы ықтимал.
Дереккөз: inform.kz