Атырау, 27 қараша 06:45
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстан РФ Астрахан облысынан құс өнімін әкелуге уақытша шектеулер енгізді

2 511 просмотра

Image 0АСТАНА, 30 сәу - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан құс тұмауының (H5N1) таралуына байланысты РФ Астрахан облысынан құс өнімін әкелуге уақытша шектеулер енгізді деп хабарлайды республика ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ресей Федерациясының Астрахан облысында құс тұмауының (H5N1) таралуына байланысты 2015 жылғы 28-ші сәуірден бастап ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Астрахан облысынан тірі құсты, инкубациялық жұмыртқаны, мамық түбіт және қауырсынды, құс еті мен термиялық өндеуден өтпеген (30 минут бойы 700С кем емес) барлық құс өнімдерін, құстарға арналған азық пен азықтық қоспаларды және де бұрын қолданыста болған құстарды асырауға, союға және бөлшектеуге қолданылған құрал-жабдықтарды кіргізуге уақытша шектеулер енгізді", - делінген хабарламада.

Дереккөз: newskaz.kz

30 сәуір 2015, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.