Атырау, 27 қараша 06:39
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстанда жасалған құрылғы электр қуатын 40 пайызға үнемдейді

2 355 просмотра

Image 0Алматыда электр қуатының шығынын бақылауға болатын розетка жасалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне EcoSocket стартап авторларының бірі Санжар Мырзағалым айтып берді. Оның айтуынша, осы құрылғыны пайдалану арқылы эелктр қуатын 30-40 пайызға дейін үнемдеуге болды.

Жоба авторларының айтуынша, құрылғы қарапайым розеткаға орнатылады, ал оған тұрмыстық техникалар қосылады. Бұл схема үйдегі электр шығынын бақылап, керек кезде қуат көзін ажыратып отыруға мүмкіндік береді. Құрылғыны мобильді телефон арқылы қашықтықтан да басқара беруге болады. Телефон арқылы басқару Wi-Fi роутері арқылы жүзеге асырылады. Өз кезегінде, үй иесі розетканы роутер арқылы телефонға жалғап, онымен үйден алыста отырып ақ жұмыс істей алады.

Осылайша электр қуатын үнемдеу, керек емес кезде электр қуатының көзін эко-розетка арқылы ажыратып, артық шығыннан арылтуға алып келеді. Мырзағалымның айтуынша, тоқ көзіне жай жалғанып тұрған кездің өзінде қысқа толқынды пеш 8-10 ватт, теледидар - 15 ватт қуат жейді. Интелектуалды розетканы тұрақты пайдалану арқылы айына 1000 теңге үнемдеуге болады.

Әзірлеушілер розетканың бірнеше типін жасап үлгерді. Құрылғылардың барлық түрінің негізгі мақсаты - электр қуатын үнемдеу, бірақ олар бір-бірінен габариттері мен техникалық жабдықталуы жағынан ерекшеленеді. Мырзағалым мұндай құрылғылардың алғашқы шағын топтамасы 2015 жылдың жазында шығарыла бастауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 сәуір 2015, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.