2014 жылы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында анықталған бұзушылықтар бойынша 1659 нұсқама беріліп, 113 млн теңгеге 1622 айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов V Қазақстандық халықаралық конференциясы мен Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2015» көрмесінде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«2014 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеруі барысында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында анықталған бұзушылықтар бойынша 1659 нұсқама беріліп, 113 млн теңгеге 1622 айыппұл салынды. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына төнген қауіп-қатерге байланысты анықталған бұзушылықтарды жоюға дейін 46 өндіріс нысандарының, 107 бірлік жабдықтар мен механизмдердің жұмысы тоқтатылды және 1495 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Құқық қорғау органдарына 1856 материал жіберіліп, оның ішінде 159-ы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Ақмәди Сарбасов.
ҚР ДСӘДМ мүдделі мемлекеттік органдар және әлеуметік әріптестермен бірлесіп Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау жөнінде кешеңді жоспар әзірлеуде
Дереккөз: bnews.kz