Атырау, 27 қараша 06:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстандықтардың миллиондаған қаржысын жымқырған әйел Алматыда ұсталды

2 905 просмотра

Image 0Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысқа күдікті ретінде 45 жастағы азаматшаны ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

2015 жылдың сәуір айында Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Әл-Фараби полиция бөліміне 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны арызданып келеді. Ол өз шағымында таныс әйел жұмысқа тұрғызып беремін деп, алаяқтық жолмен 3700 доллар ақша алғанын айтқан. Таныс әйел содан кейін ізім-ғайым жоқ болыпты. Полицейлердің мәліметінше, тағы бірнеше қала тұрғыны осыған ұқсас арыздармен ішкі істер бөлімдеріне жүгінген.

Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде Әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні Алматы қаласында ұстайды. Ол 1970 жылы туылған, ОҚО Сайрам ауданының жұмыссыз тұрғыны болып шықты.

Тергеушілер 45 жастағы азаматшаның 20-дан астам алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтайды. Жәбірленушілерге жалпы сомасы 5 миллион теңге шығын келтірілген.

Бұл азаматша жәбірленушілерге белгілі мөлшердегі сомаға жұмысқа тұрғызып беретінін, мемлекеттік органда таныстары барын айтып, осыдан соң өзіне сенген адамдардан ақшаны алып ізін суытып отырған.

Қазіргі кезде осы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес «Алаяқтық» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары алаяқтың құрбандары бұдан да көп болуы мүмкін деп отыр. Сондықтан, облыс және Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына осы күдіктіні таныған жағдайда «102» нөміріне полицияға хабарласуларын сұрайды.

Дереккөз: bnews.kz


28 сәуір 2015, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.