Атырау, 27 қараша 06:52
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері жарияланды

2 962 просмотра

Image 0

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері жарияланды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың 1-тоқсандағы көрсеткіштеріне сәйкес, орташа жалақы 118 638 теңгеге тең. Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 266,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 231,2 мың теңге (1,9 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде 208,9 мың теңге (1,8 есеге асты) белгіленді.

Ал, ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 58,0 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 51,1 пайызға төмен.

"Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді - 229,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік облысында мұның шамасы 77,6 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 34,6 пайызға төмен", - делінген хабарламада.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 сәуір 2015, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.