Атырау, 27 қараша 05:35
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Н.Назарбаев Қашаған кен орнына қатысты жағдайға түсiнiктеме бердi

1 857 просмотра

Image 0Ақордада қазақстандық және шетелдiк БАҚ өкiлдерiнiң қатысуымен өтiп жатқан баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қашаған кен орнына қатысты жағдайға тоқталды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Қашаған секiлдi күрделi кен орнын игеру оңай емес. Бiздiң барлық бағдарламалар бойынша 2014 жылы алғашқы мұнай алуды жоспарлаған болатынбыз. Бiрақ күтпеген жағдай болды, құбырларда жарықтар анықталды. Егер жұмысты жалғастырсақ, iрi апат орын алуы мүмкiн едi. Сондықтан жұмысты тоқтатуға және құбырларды ауыстыруға тура келдi», - дедi Н.Назарбаев.

Елбасы бүгiнгi күнi Қашағанды iске қосу бойынша қолға алынған жұмыстарға тоқталды.

«Қазiр компаниялар «ҚазМұнайГазбен» бiрлесiп белсендi жұмыс жасап жатыр, бағдарлама әзiрлендi. 2 мың млрд доллардан астам шығын қарастырылған. Биылғы жылдың соңында немесе 2016 жылы Қашағанда мұнай өндiремiз деген үмiттемiз. Бұл бiздiң болашақтағы барлық бағдарламаларымызды орындау үшiн қажет. Кен орнын iске қосамыз. Тек күту керек. Екiншi жағынан, бүгiн өндiрiлетiн мұнай Қазақстанға жетедi», - дедi Елбасы.

Дереккөз: bnews.kz


27 сәуір 2015, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.