Атырау, 27 қараша 06:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудан кейiн девальвация болмайтынын мәлiм еттi

1 722 просмотра

Image 0Ақордада қазақстандық және шетелдiк БАҚ өкiлдерiнiң қатысуымен өтiп жатқан баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудан кейiн девальвация болмайтынын мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Сайлаудан кейiн ондай ештеңе болмайды. Қалай жұмыс жасап жатырмыз, солай iстей беремiз. Бұған ешқандай себеп жоқ, мен бұл туралы айтқан болатынмын. Қазақстандықтар менi бiледi, егер ондай бiрдеңе болса, мен өзiм айтамын және бұдан қалай қорғанатынымызды айтамын», - дейдi Н.Назарбаев.

«Ресей рубльiне байланысты сәл толқу болды, өйткенi, бiздiң елдер арасындағы сауда көлемi үлкен. Қазiр бәрi тұрақты. Ешқандай мұндай жоспар жоқ, бұған еш себеп жоқ», - деп қадап айтты Елбасы.

Дереккөз: bnews.kz


27 сәуір 2015, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.