ТМД елдерінің халықаралық бақылаушыларын Қазақстанда өткен сайлауға қатысқан сайлаушылар таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Картина әсерлі, өзінің айқын ұйымдастырушылығымен әсер қалдырды. Сайлаушылардың белсендігі де әсерлі. Әрине, тұжырым да бір мағыналы, біз кеше өзіміз осындай тұжырымға келдік және саясаткерлердің пікірін тыңдадық. Біз Қазақстан сайлаушылары белсендігінің себебін көріп тұрмыз, біріншіден олар ел тағдырына өз қатыстарын танытты, дауыс берудің нәтижесі де Қазақстан тұрғындарының Қазақстанның бейбітшілігі мен келісімін, көршілерімен достық қарым-қатынасты сақтап қалу үшін әлеуметтік дамуды қолдайтынын көрсетті", - деді ТМД бақылаушылары миссиясының басшысы, ТМД орындаушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау ҚР заңнамасына сәйкес өтті. Сайлау барысына әсер ететін ешқандай өрескел заң бұзушылық болған жоқ. Сайлау демократиялы, ашық түрде өтті", - деді Лебедев.
Оның хабарлауынша, бұл сайлауда 410 бақылаушының 15-і ұзақмерзімді негізде жұмыс істеді. Бақылаушылар ҚР барлық облысын аралап, Алматы мен Астана қалаларындағы сайлауды бақылады, ТМД-ның барлық миссиясы 3 мыңнан аса сайлау учаскесін аралады. Сайлауға Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және тағы да басқа елдерден ОСК-ның 6 өкілі келді.
Тағы бір халықаралық бақылаушы, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясының қорғаныс пен қауіпсіздік бойынша комиссиясының төрағасы Анатолий Выборныйдың айтуынша, сайлаушылардың тізімнен табылмаған кездері болды. Бірақ бұл, оның айтуынша, заң талабын бұзу болып есептелмейді.
"Сайлау үрдісіне ықпал етуі мүмкін заң бұзушылықтар болған жоқ. Әрине, тізімнен табылмағандар болды, бірақ ол қаскөйлік емес, бұл жаңа ықшамаудандардағы жаңа тұрғындарға байланысты, көші-қон көп, барлығы бірдей тізімге ілінбеген. Бұл заң бұзушылық емес, тек алдын ала жойылуы тиіс болған кемшілік жөніндегі ұсыным. Сайлау комиссия мүшелерінің белсендігі қуантты, олар құқықты сақтап қалу үшін мәселеге бірден кірісіп, бірден оны шешуге тырысты. Ал жаңағы ұсақ заң бұзушылықтар бойынша ұсынымдарды ескеретін болсақ, олар жаппай емес, сол жерде шешілетін мәселелер", - деді Выборный.
"97 пайыздық жоғары көрсеткішті біз тек Қырымда көрдік және мен сіздердің Парламентік Ассамблеяларыңызда Ресей мен Қырым республикасынан өкілеттік етемін. Сіздер жақында ғана референдумның өтіп, сайлаушылардың аса жоғары көрсеткіш көрсеткенін білесіздер", - деді халықаралық бақылаушы.
Айта кетейік, орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, сайлаушылардың қатары 95,22 пайызға тең болды. Сонымен қатар, ОСК төрағасы тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет сайлаушылардың сайлауға келуі ең жоғары болғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті сайлауында 97,7 пайыз дауыс жинады. Әбілғазы Құсайыновқа сайлаушылардың 0,63 пайызы, ал Тұрғын Сыздықовқа қазақстандықтардың 1,87 пайызы дауыс берді.
Дереккөз: tengrinews.kz