Алматыдағы Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысындағы салынып жатқан көпірдің қирауынан ауруханаға 20 адам жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №7 қалалық аурухананың бас дәрігері Болатбек Баймахановқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, зардап шеккендердің 10-ын қарағаннан кейін олар ауруханаға жатқызылды, қалған оны үйлеріне жіберілді. Ауруханада жатқандардың жағдайы орташа деп бағаланды. Шұғыл ота жасауға және жан сақтау бөліміне ауыстыруға себеп жоқ. "Ми зақымы, тері жарақатына диагностика жасалды. Біреуінде омыртқасы сынған, оны травматология бөліміне ауыстырдық. Қалған тоғызы нейрохирургтердің бақылауында", - деді Баймаханов. Болжам бойынша, зардап шеккендер таяу күндері ауруханадан шығады.
Осыған дейін Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысындағысалынып жатқан көпірдің қирауынан 19 адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Олардың үшеуі ауыр жағдайда жатыр. ТЖД қызметкерлері астында жұмысшылар жатқан қирандыларды ашып жатыр. Бастапқыда қирандының астында екі адамның бары хабарланған еді. Кейін ТЖ департаментінің басшысының орынбасары52 жұмысшының біреуінің ғана тағдыры белгісіз екенін хабарлады.
Дереккөз: tengrinews.kz