Қазақстанда сайлау алдындағы үгітті өткізу кезінде жариялау шарттарының жекелеген бұзушылықтары орын алған, деп хабарлады жұмада Қазақстан Бас прокуратурасы.
Қазақстанда президенттік сайлау 2015 жылғы 26 сәуірде өтеді. Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешім әлмдегі қиын экономикалық жағдайды ескерумен көптеген қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың биыл президенттік сайлау өткізу туалы өтініштеріне байланысты қабылданды. Сонымен қатар, 2016 жылы парламенттік сайлаумен тұспа-тұс келуі де, президенттік сайлауды биыл өткізудің пайдасына шешілді.
"Бүгінгі күнге сайлау комиссиялары немесе мемлекеттік органдар тарапынан қандай да бір бұзушылықтар тіркелген жоқ. Тек қана сайлау алдындағы үгітті өткізу, сондай-ақ қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн жариялау шарттарының жекелеген бұзушылықтары орын алған, олар бойынша алдын алу сипатындағы шаралар қабылданды", - делінген хабарламада.
Жалпы, сайлау қарсаңындағы күнге, үгіттеуді қоса алғанда, барлық іс-шаралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) талаптарына сәйкес өткізілді.
Дауыс берiлетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялауға жол берілмейдi.
"Сайлау күнi дауыс берілетiн үй-жайда немесе дауыс беру пунктiнде қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады (Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы)", - делінген хабарламада.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.