Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қалалық сот судьялары мен аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының қатысуымен Әкімшілік процестік кодекс жобасын талқылауға арналған семинар өтті.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Қанат Дүйсембиев ӘПК жобасы бойынша өзінің ескертулері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Әкімшілік әділет жүйесін құру әкімшілік құқық бұзушылық істердің жалпы қағидаттарында соттардың ведомствоға тиістілігіне жатқызыла отырып, жұмыс істеп жатқан әкімшілік соттардың негізінде жоспарлануда.
Әкімшілік соттар тараптардың тым болмаса біреуі заңнамада көзделген тәртіпте билік өкілеттіктері, басқару функциялары берілген атқарушы билік органы, жергілікті өзін-өзі басқару органы, олардың лауазымды тұлғасы немесе қызметтік тұлғасы, басқа да субъект болып табылатын дауларды қарастырады.
Әкімшілік сотқа жариялы-құқықтық қатынас саласындағы жариялық құқығы, бостандығы немесе мүддесі бұзылды деп есептеген адам әкімшілік талап қоя отырып жүгінуге құқығы бар.
«Біздің көзқарасымызша, іс жүргізуді жеңілдету және азаматтардың құқығын ең жоғары деңгейде қорғау мақсатында әкімшілік сот ісін жүргізуде «жазбаша іс жүргізуді» енгізу қажет, яғни сот отырысын өткізбестен және тараптардың қатысуынсыз дәлелдемелердің болуы негізінде істерді қарастыру және шешу керек», - деген пікірін білдірді Әкімшілік соттың төрағасы Қанат Дүйсембиев.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар заң жобасы соттардың әкімшілік істердің сапасын арттыруға, жариялы-құқықтық дауларды шешудің нақты тәртібін сақтауға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.
Дереккөз:ҚазАқпарат