Көлік полицейлері 40 жастағы ер адамнан 70 келіге жуық марихуана есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Вnews.kz.
«23 сәуірі күні Жамбыл стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Линда» лақап атты қызметтік іздестіру итінің көмегімен стансаның жүк бөліміне тексеру жүргізу кезінде 40 жастағы азаматты ұстады. Ол азаматтан ішінде қара-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес заттар толтырылған екі жол сөмке мен 8 пропилен қап табылып, алынды», - делінген Көліктегі ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сот-химиялық сараптама ұсталған азаматтан алынған заттардың жалпы салмағы 69 келі 860 гр «кептірілген марихуана» есірткі заты екенін анықтады.
Тергеу барысында күдікті есірткі заттарын 45 жастағы танысы Маңғыстау облысына жіберу мақсатында бергендігін айтты.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 296 бабы 4-ші бөліміне сәйкес, яғни аса ірі мөлшердегі есірткі немесе психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Дереккөз: bnews.kz
24 сәуір 2015, 09:49
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.