Қазақстан Республикасы Президенті куәлігінің үлгісі дайындалды. Бұл туралы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті.
«Қазақстан Республикасы Президенті куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қаулы қабылдады.
«Аталған үлгі негізінде ағымдағы жылғы 26 сәуірдегі кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігі дайындалды.
«Қазақстан Республикасы Президенті куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы №57/112 Қаулысының күші жойылды деп танылды», - деді ол.
Дереккөз: ҚазАқпарат