"Костюм "Қазлитөнеркәсіп" - Алматы, аяқ киім - Қарағандыныкі. Бағасы қымбат емес, қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар костюм мен аяқ киім тігеді. Әсіресе әйелдерге арналған костюмдер көп, шетелдік киімдерге қарағанда ұлттық стильде тігіледі. Бәріміз "Маркамен және брендпен жұмыс істеңдер" дейміз", - деді ол Парламент Мәжілісінің отырысының үзілісі кезінде тілшілерге.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда өндірілген жақсы ақ жейде 10-15 мың теңге тұрады, костюм - 30 мыңнан 70 мыңға дейін, ал аяқ киім - 10-15 мың теңге аралығында.
Әсет Исекешев белдік пен галстуктың ғана шетелдік өндірушілердің өнімі екенін жасырмады.
"Тіпті шұлық та Астанада өндірілген", - деді ведомство басшысы.
Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов осыған дейін Парламент Мәжілісінің үкіметтік сағаттарының бірінде Әсет Исекешевтің келесі кезекте депутаттар алдында сөз сөйлеуге Қазақстанда өндірілген киіммен келетінін уәде еткенін хабарлаған болатын.
Ержанов сол кезде қазақстандық бірнеше жеңіл өнеркәсібінің ҚР инвестиция және даму министрлігіне костюм, жейде және галстук тігіп беруге ниетті екенін хабарлаған еді.
Ол кейбір отандық киім өндірушілерді мысалға келтірген. Олардың ішінде "шикізаттан дайын тауарға дейін" ұстанымымен киім өндіретін "Меланж Витэк", костюмдер, жейделер мен галстуктарды өндіретін "Қазлитөнеркәсіп" және аяқ киім тігумен айналысатын бірнеше былғары компаниясы. Оның айтуынша, джинсы шалбарларын алматылық компаниялар тігеді, оның ішінде "Сәуле" ЖШС бар.
Дереккөз: tengrinews.kz