Атырау, 27 қараша 05:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстанда жаңа мұнайгаз бұрғылау кәсіпорны құрылды

3 272 просмотра

Image 0Үстіміздегі жылдың 21 сәуірінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалиннің, сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың қатысуымен «KMG Drilling & Services» ЖШС ( ҚМГ еншілес компаниясы) және «Nabors Drilling International Ltd» (мұнайгаз бұрғылау саласындағы әлемдік көшбасшы) арасында біріккен кәсіпорын құру туралы құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жаңа біріккен кәсіпорын айналымдағы жұмыс бағдарламасы шеңберінде Теңіз кенішінде бұрғылау жұмыстарын, сондай-ақ болашақ кеңейту жобасын жүзеге асыратын болады.

«KMG Nabors Drilling Company» ЖШС тиісті екіжақты өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген «Теңізшевройл» ЖШС-нің ҚР Үкіметі алдындағы міндеттемелерін орындау аясында құрылды. Келісімге сәйкес «Теңізшевройл» «KMG Nabors Drilling Company»-ға жаңа бұрғылау қондырғыларын сатып алу үшін қаржы бөледі.

Біріккен кәсіпорынды құру қазақстандық үлесті арттыруға, «Nabors» компаниясынан тәжірибе алмасуға, басқару технологиясы мен жүйесін алуға, сонымен қатар ұзақмерзімді болашақта ҚР ірі мұнайгаз жобаларында бұрғылаушы мердігер ретінде тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

«KMG Nabors Drilling Company» ЖШС бас офисі Атырау қаласында орналасады және аймақта 200 білікті жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде компанияның 90 пайыз қызметкерлері Қазақстан азаматтары болады.

Дереккөз: bnews.kz


22 сәуір 2015, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.