Атырау, 27 қараша 05:31
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қарағанды облысындағы 7 ауданда су тасқынына қатысты жағдай тұрақталды

1 701 просмотра

Image 0Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қарағанды облысының 7 ауданында көктемгі су тасқынына қатысты жағдай тұрақталды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Су тасқыны басталғалы бері Қарағанды облысында суға кету аймағына 9 аудан аумағында 48 елдімекен мен 2 қыстақ суға кеткен. Қазіргі таңда облыстың жеті ауданында жағдай тұрақталды. Бұқар Жырау және Нұра аудандары бақылауда», - деді Р.Иманқұлов сейсенбідегі брифингте.

Ол облыс өзендерінде су деңгейінің төмендегенін атап өтті. 13279 эвакуацияланған адамның 11940-ы үйлеріне қайтарылған.

Р.Иманқұловтың айтуынша, бүгінгі таңда 2107 суға кеткен үйдің 1900-нен су кетті. Суға кеткен аудандардан барлығы 33466 ірі-қара мал қауіпсіз жерге айдалған болатын, қазір оның 28 962-сі өз қораларына қайтарылды.

ҚР ІІМ ТЖ комитеті ақпарынша, елде автокөлік жолдарының 77 бөлігі қалпына келтірілді, эвакуацияланған адамдардың 13375-і үйлеріне қайтарылды. Жалпы су тасқыны басталғалы бері 16171 адам эвакуацияланған.

Сонымен қатар су тасқыны орын алған жерлердегі 2434 үйдің 2173-нен су кеткен. Біріккен күш арқылы 22588 метр уақытша бөгет салынды, 363417 текше метр су сорылды. Су тасқынына қарсы шараларға барлығы 6444 адам, 1707 бірлік техника, 153 су соратын құрылғы, 112 жүзу құралдары жұмылдырылған.

Дереккөз: ҚазТАГ

21 сәуір 2015, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.