АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының танымал телехикаялары Түркияда көрсетіледі.
Телеарнаның хабарлауынша, «Сырғалым», «Әке серті», «Ұлжан» және «Ағайындылар» туындыларын түрік тіліне дубляж жасаумен осы елдегі Қазақстан елшілігі айналысады. Түркия телерадиокорпорациясының басшылығымен кездескен елші Жансейіт Түймебаев оларға ортақ қазақ-түрік телехикаясын түсіру туралы ұсыныс жасады. Түрік тарапы мұны қолдап, жан-жақты көмек көрсетуге әзір екендерін жеткізді. Бұған дейін де Түркияның басты телеарналарында «Балалық шағымның аспаны», «Жау жүрек мыңбала» сияқты туындылар көрсетілген болатын.
Дереккөз: inform.kz