Атырау, 7 желтоқсан 00:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Назарбаев Малайзия премьер-министрімен екіжақты ынтымақтастықты талқылады

1 514 рет қаралды

Image 0Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Наджиб Тун Разак халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы да сөз қозғады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Назарбаев 17 сәуірде жұмыс сапарымен Алматыға келді. Сапар барысында ол Алматыдағы Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығын, "Алатау" киноконцерт залын аралады. Сонымен қатар, экологиялық таза көлік түрлерімен, Алматы қаласы мен индустриялдық саябақтың даму жоспарымен танысты. Сапар соңында Нұрсұлтан Назарбаев Алатау ауданы тұрғындарымен әңгімелесті.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 сәуір 2015, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.