Атырау, 7 желтоқсан 00:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Хоккейден Қазақстан құрамасы Италия командасын жеңді

2 271 рет қаралды

Image 0Хоккейден Қазақстан құрамасы Италия ұлттық командасымен өткен жолдастық кездесуде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, матчтың командалардың әлем чемпионатына дайындығы аясында өтіп, 2:0 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. 15-ші минутта Қазақстан құрамасының қорғаушысы Кэвин Даллмэн есеп ашты. 35-ші минутта Роман Страченко тағы бір ұпай жинады. Бұл ойында қазақстандықтардың қақпасын Павел Полуэктов қорғады.

Бүгін Қазақстан құрамасы Италия командасымен тағы бір жолдастық кездесу өткізеді деп болжанып отыр. Осы ойын нәтижесінде 4 ойыншы ұлттық құрамадан шеттетіледі. Қалған ойыншылар әлем чемпионатында бірінші дивизиондағы А тобында ойнайтын болады. Еске сала кетейік, хоккейден әлем чемпионаты 19-25 сәуір аралығында Краковте өтеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 сәуір 2015, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.