Атырау, 27 қараша 04:28
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстанның барлық өңірлерінде бірқатар дәрілердің бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдарға қол қойылды

2 201 просмотра

Image 0

Қазақстанның барлық өңірлерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша Меморандумдарға қол қойылды деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«Ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап Қазақстанның барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында әкімдіктер, ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменттері мен фармацевтикалық қауымдастықтар арасында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдарға қол қойылды»,-делінген хабарламада.
2015 жылғы 30 наурызда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойғанын бұрын хабарлағанбыз.

Бұл құжатқа қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады.

«Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар және бөлшек сауданың өкілдері 2015 жылғы 1 наурыздағы деңгейінде бағаларды бекітіп, жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауына бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алды. Атап айтқанда, қабынуға қарсы, ауырсынуды және дене қызуын басатын препараттар, антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ, шприцтер және дәкелер»,-деп қорытындыланған баспасөз хабарламасында.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

13 сәуір 2015, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.