Атырау, 5 қазан 14:28
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстанда қоғамдық көлікте билетсіз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін

2 660 просмотра

Image 0Қазақстанда қоғамдық көлікте билетсіз жүргендерге айыппұл салу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаторлар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 622-бабына (Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлiктi
пайдалану қағидаларын бұзу) 2-бөлік етіп мынадай толықтыру енгізуді ұсынып отыр: "қоғамдық көлікпен жүрудің ақысын төлеуден жалтаруға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады". Бұл туралы табиғи монополиялар және реттелмелі нарық мәселелі бойынша заң жобасының салыстырмалы кестесінде қарастырылған. Бұл заң жобасын сенаторлар бүгін жоғарғы палатаның кеңейтілген отырысы барасында қарап шығып, түзетілген құжатты Парламент Мәжілісіне қайтарды.

Салыстырмалы кестеде көрсетілгендей, бұл норманы қабылдау қоғамдық көлікте билетсіз жүрмеу әкімшілік жауапкершілігін орнату үшін ұсынылған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте билетсіз жүргендерді жазалау қарастырылмаған, тек 623-бапта жолаушыларды билетсiз алып жүру бойынша жазалау бар. Онда жолаушыларды билетсiз алып жүру бойынша "трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңына қатынайтын автобуста және маршруттық таксиде - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген (1 АЕК - 1982 теңге).

Дереккөз: tengrinews.kz

9 сәуір 2015, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.