Атырау, 27 қараша 03:40
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Профессор Мақсұт Нәрікбаев қатерлі ісіктен сауығудың бірегей тәсілін ұсынды

1 805 просмотра

Image 0Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры Мақсұт Нәрікбаев қазақстандықтарға қатерлі ісік ауруынан сауығып кетудің баламалы терапиясын ұсынды. Аталған тәсіл арқылы ауруынан құлан-таза айыққан профессор онкоауруды емдеудің бірегей әдісінің авторы «Оазис Надежды» клиникасының президенті, онколог Контрерас Франциско екендігін айтады.

«Өткен жылы жұмысқа келіп-кету, қоғамдық қызметке араласу сынды физикалық шаршаудан иммунитетім нашарлады. Ай бойы тамағым ауырды. Анализ нәтижесінде белгілі болғандай иммундық жүйемнің әлсіреуі шегіне жетіп, ағзамда рак клеткалары анықталды» деп бастады ол өз әңгімесін.

Алайда, ол өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын елемей, үнемі спортпен айналысып, су шаңғысы спорты мен парашютпен секіру сынды белсенді қозғалысты әдетке айналдырады.

«Диагнозды естігенде алғаш ойыма келгені, қанша жылғы өмірім қалды екен деген сұрақ болды. Диагноз анықталғаннан соң ұлымыз екеуміз Оңтүстік Кореяға барып, дәстүрлі методикалық ем қабылдадық, алайда, алғашқы химиялық терапиядан кейін-ақ ем қабылдаудан бас тарттым», - дейді професор.

Нәрікбаевтың үлкен қызы да онкоаурудан сауығу жолын ізденіп жүріп, дәрігер Контрерастың клиникасының ракқа қарсы терапиясы жайлы естиді.

«Осылайша, альтернативті терапияны таңдай отырып, дереу клиникаға ұшып бардық. 30 наурыз күні ол жақта 75 жасқа толғанда осы күнге жететініме күмәным басым болатын. Ал қазір жұмыс істеп қана қоймай, спортпен де айналысуды тоқтатқан жоқпын. Аталған терапияның емі иммундық жүйені көтеруге және қалыпты деңгейде ұстап тұруға көмектеседі», - деді «КазГЮУ» басшысы.

Әлемде ракпен күресте химиотерапия, радиотерапия және хирургиялық тәсілдері қолданылып келеді. Аталған баламалы терапия ресми түрде мемлекеттік деңгейде қабылданған жоқ.

Қатерлі ісіктен құлан-таза айыққан профессор Мақсұт Нәрікбаевтың сөзінше, бұл методикада басымдылық арнайы диетаға беріледі. Науқастың тамағының 70-80 пайызы жеміс-жидек пен көкеніс болады. Сондай-ақ пациенттің кем дегенде 2-3 сағат таза ауада серуендеуі міндеттелген. Баламалы терапия дәстүрлі ракпен күресуден бөлектенбейді, керісінше барлық тәсілдердің нәтижелі іске асуына септесетіндігін айтады.

Елімізде жыл сайын 17 мың қазақстандық қатерлі ісік ауруынан көз жұмады. «Оазис Надежды» клиникасының перзиденті, онколог Контерас Франциско клиника құрылған 1963 жылдан бері 100 мыңдаған науқастың өмірін сақтап қалған. Оның онкология ауруларын емдеудің бірегей әдістері туралы еңбегін қазақстандықтар үшін Мақсұт Нәрікбаев «Как победить Рак» кітабын орысшаға тәржімалап, қазақстандықтарға ұсынып отыр. Сонымен бірге, профессор «Үміт сәулесі» қайырымдылық қорын құру идеясын ұсынды. «Қор Қазақстандағы онкология мәселесін шешуге өз үлесін қосады» дейді профессор.

Дереккөз: bnews.kz

9 сәуір 2015, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.