ҚР Парламент Сенатының депутаты Серік Ақылбай алимент төлемегендерді жүргізу куәлігінен уақытша айыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі ықпал ету жүйелері бұл мәселені толықтай шешпейді. Осыған байланысты соттың бекітуі бойынша міндеттерді орындамаған адамды талаптарды орындағанша, бірақ бір жылдан көп уақытқа көлік жүргізу куәлігінен айыру мәселесін қарастырудың қажеттілігі туындады", - деді Ақылбай Сенаттың пленарлық отырысы кезінде үкімет басшысына сұранысты оқып жатып.
Оның пікірінше, көлік құралын мүгедектігі бойынша немесе жалғыз табыс көзі болған кезде басқаратын жағдайларда ғана бұл тыйым салынбауы керек, сонымен қатар алименттер бойынша үш айлық есеп көрсеткішінен аз болғанда ғана қолданылмауы тиіс.
Сенатордың айтуынша, қарыздақорлармен күресудің осы әдісі Беларусьте 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. "Олардың тәжірибесі қарыз адамдардың 41 пайызының бірден өтегендігін көрсетті. Ал Ресей Федерациясында бұл заң жобасы талқылау кезеңінде", - деді депутат.
Оның мәліметінше, республика бойынша сот орындаушылардың алиментті өндіру бойынша 213 мың сот шешімі бар, оның 14 мыңы өтелмей келеді. "Атқару құжаттар бойынша қарыз адамдардың өз міндеттерін атқаруға мүмкіндігі бар, бірақ белгілі бір себептермен орындалмай келеді. Сонымен бірге, қарыз адамдар жұмыс орны туралы және табыс көзі туралы мәліметті қасақана жасырып жүр", - деді Ақылбай.
Ол қазіргі уақытта ұлттық заңнамада алимент төлемегендерге қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатылғанын, Қазақстан Республикасында қарыз болған жеке тұлғалардың елден кетуіне уақытша шектеу қарастырылғанын, сонымен қатар рұқсат пен арнайы құқықтар беру мен әрекетіне лиценцзия беруге шектеу қарастырылғанын ескертті.
Дереккөз: tengrinews.kz