Атырау, 27 қараша 03:11
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Парламент Қазақстандағы интернет-казино қызметіне тыйым салды

2 589 просмотра

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Cенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қаралып, құжат қабылданды.

Құжат еліміздегі ойын бизнесі саласындағы заң нормаларын жетілдіруді көздейді. Мұнда ойын бизнесі туралы заңнаманы айналып өтуге мүмкіндік беретін алшақтықтар мен қайшылықтарды жою шараларын қарастырады. Сонымен қатар интернет-казино қызметіне, оның ішінде Қазақстан аумағындағы шетелдік интернет-казино қызметіне тыйым салу белгіленеді. Бұдан бөлек, ойын бизнесі саласында лицензия алу кезінде өтініш берушілердің талаптарын қатаңдату қарастырылады.

Бұдан бөлек, құжат Азаматтық процессуалдық кодексте интернет-казино қызметін заңсыз деп тану механизмдері қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексте ойын бизнесіне қатысты заң нормаларын бұзғандар үшін жауапкершіліктер нақтыланып, қосымша жауапкершіліктер де қамтылады.

Бұдан бөлек, заң арқылы букмекер кеңсесі және тотализатор кассаларынан алынатын салық 75 айлық есептік көрсеткіштен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаятын болады. Ал букмекер кеңсесі мен тотализатордың электрондық кассасына салынатын салық 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін артады. Бұл ретте электрондық кассаға салықты арттыру негізінен оны пайдаланушылардың көптігіне қарай орын алып отыр.

Мәселен, орта есеппен алғанда интернет-ресурс арқылы бәс тігуге тіркелген қатысушылардың саны 200 мың адамға жетеді әрі олардың 50 пайызы тұрақты қатысушылар болып табылады.

Құжаттағы басты жаңалықтардың бірі - ойын мекемелерін, букмекер кеңсесі кассаларын және тотализаторларды тұрғын үй ғимараттарына орналастыруға тыйым салынады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Дереккөз: inform.kz

9 сәуір 2015, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.