Атырау, 27 қараша 03:26
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мемлекеттің бизнеске араласуы заң жүзінде шектеледі

1 884 просмотра

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Cенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Тоқтала кететін жайт, Мемлекет басшысының тапсырысына сәйкес, қазіргі уақытта экономикадағы мемлекеттік қатысуды бірте-бірте төмендету және әлемдік практикада пайдаланатын «жасыл парақтар» принциптері енгізілуде. Ондай қағидаттарға сәйкес, мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекетке тiкелей немесе жанама қатысы бар компаниялар санының артуын шектеу көзделеді.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, тұтастай алғанда, заң жобасының негізгі мақсаты бизнес қатысатын экономика салаларына мемлекеттің қатысуы үлесін шектеу үшін құқықтық негіздерді бекіту болып табылады.

«Мемлекеттік компанияларға еншілес құрылымдар құрудан шектеу, экономиканың бизнес қатысатын салаларына мемлекеттің қатыспауы, кәсіпорындардың рөлін күшейту қажеттілігі сезіліп отыр. Бұл ретте заң жобасының негізгі мақсаты бизнес қатысатын экономика салаларына мемлекеттің қатысуы үлесін шектеу үшін құқықтық негіздерді бекіту болып табылады. Осы арқылы мемлекеттік активтерді басқару саласындағы заңнама жетілдіріледі. Осыған орай, заңды жетілдіру бәсекелестікті арттыра түсуге және жеке кәсіпкерліктің жалпы дамуына ықпал ететін болады», - деді Е.Досаев.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасымен жаңа мемлекеттік кәсіпорындар мен еншілес компаниялар құруға қатаң шектеу енгізіледі. Анықталған қағидаттарға қарамастан құрылған мемлекеттік компаниялар жекешелендіріліп, монополияларға қарсы органды күшейту көзделеді.

«Бұған байланысты заң жобасында монополияға қарсы органның тауарлы нарықтарын бәсекелестік ортаға беру үшін қызмет түрлерін және мемлекеттік компанияларды анықтау тұрғысында жыл сайынғы талдау жүргізуді бекітетін норма енгізіледі. Талдаудың нәтижесінде Үкіметке бәсекелестік ортаға берілетін мемлекеттік компаниялардың және қызмет түрлерінің тізбесі жолданады», - дейді Е.Досаев.

Құжат бірінші оқылымда мақұлданды.

Дереккөз: inform.kz

9 сәуір 2015, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.