Атырау, 27 қараша 03:37
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Биыл барлық қазақстандық шипажайлардағы демалыс қымбаттады; Бурабайда – 50% қымбаттады

1 760 просмотра

Image 0Алматы. 8 сәуір. ҚазТАГ – Динара Жәркеева. Биыл барлық қазақстандық шипажайлардағы демалыс қымбаттады; Бурабайда бағалар 50% қымбаттады.

Мысалы, жаз басталмай тұрып, Бурабайдағы эконом-класстағы демалыс базасында тұру бағасы 50% қымбаттады. Егер 2014 жылы жазғы үй бағасы Т2 мың болса, биыл Т3 мыңнан.

Бұл ретте Балқаш көліндегі демалыс базасында, керісінше, «люкс» классындағы номерлердегі баға өсті: 2014 жылы баға номер үшін тәулігіне Т12 мың болса, 2015 жылы - Т14 мың. Класы төмен номерлер үшін баға, бұрынғысынша, Т10 мыңнан қалды.

Алакөл көлінде 2-орындық «стандарт+» класындағы номер 2014 жылғыдай шілдеде тәулігіне Т14630 болады және оған тамақ бағасы кірмейді. Бюджеттік туристер үшін жеке секцияда екі төсек-орны бар хостелдер ұсынылады, олардың бағасы сол кезеңге Т3 мыңнан.

Қапшағай су қоймасындағы тынығу базасындағы номерлер бағасы, бұрынғысынша, тәулігіне Т10-15 мыңнан қалып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш шипажайындағы емдік-сауықтыру кешенінде баға аздап қана көтерілді. Мысалы, Сарыағаштың бір санаториінде 2014 жылы стандартты номердегі баға бір адамға Т6700 болса, биыл – Т7 мыңнан.

Зеренді, Баянауыл, Қарқаралы кенттеріндегі шипажайларда бағалар бұрынғысынша қалды: 2 орындық номер үшін бағалар сәйкесінше, Т23 мың, Т15 мың және Т16 мыңнан, бағаға сонда тұру және тамақтану кіреді.

Дереккөз: ҚазТАГ

8 сәуір 2015, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.