Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловтың немересі және танымал қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың қызы Айгүл Байқадамоваға Алматыда қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айгүл Байқадамованы соққыға жыққан бұзақылар оның жеке заттарына тиіспеген. Олар жәбірленушіні 2 сәуір күні кешке үйінің маңынан ұстап соққы астына алған. Байқадамова Талғар медициналық колледжден үйіне қызметтік көлікпен қайтып, жүргізуші оны үйіне жақын маңнан тастап кетіпті.
Жәбірленуші шабуылдағандардың түрін көрмегендігін айтып отыр. Есін жиғанда гараждар маңында жатқанын аңғарған. Сол маңнан өтіп бара жатқан жүргіншілердің бірі оны үйіне дейін жеткізіп тастапты.
Айгүл Байқадамова жедел-жәрдем шақыртудан бас тартқан. Тіпті, полицияға арыз да жазбаған. Мұнысын ол отбасылық жағдайымен түсіндірді. Жуырда оның сіңлісінің күйеуі қайтыс болған көрінеді.
Дереккөз: Baq.kz