Атырау, 27 қараша 03:34
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мамытбеков еліміздегі дүкен сөрелерінде импортталған ет жоқ екенін айтты

2 566 просмотра

Қазақстан сөрелерінен ешкім  импортталған етті көрмейді деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

“Біз неге ет импорттаймыз деп сұрағандарға айтар жауабым мынадай. Сөрелерде импортталған ет жоқ, оны түсіну керек. Егер импорттасақ, етті тек  технологиялық мақсаттарға, консервілер, сосикалар, шұжықтыр және т.б. үшін импортаймыз. Ешкім де импортталған етті көрмейді, себебі ет өзімізде артық, біз өзіміз ет сатамыз (шетелге – ҚазТАГ)”, – деді  Мамытбеков.

Бұрындары қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті 2014 жылы Қазақстан Бразилиядан $9,1 млн сомаға 6,7 мың тонна ет импорттағанын хабарлаған.

Ол 2013 жылғымен салыстырғанда көлемі жағынан 18,3%, ал сомасы жағынан 43,8%-ға артық болған. Республикалық мәліметтерде атап көрсетілгендей, Кедендік одақ елдерін есепке алмағанда 2014 жылы Қазақстан $196,5 млн сомаға 169,1 мың тонна ет импорттаған, ол 2013 жылғымен салыстырғанда көлемі жағынан 6,7%, сомасы жағынан 7,7% аз.

Қазақстанға ет жеткізетін елдер:

АҚШ – 119,4 мың тонна ет (-4%) $104,1 млн сомаға (-1,9%);

Украина – 19,3 мың тонна ет (-2,2%), $33,3 млн сомаға (-7%);

Польша 5,2 мың тонне ет (-37,3%) $13,3 млн-ға (-35,6%);

Канада – 4,7 мың тонна ет (+9,8%) $12,4 млн-ға (+18%).

Дереккөз: КазТАГ

3 сәуір 2015, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.