Атырау, 27 қараша 03:16
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Омбылық қазақ ақыны бір сөзден тұратын кітап шығарды

2 022 просмотра

Ресейдің Омбы қаласында тұратын Елубай Бақтыбаев есімді ұлты қазақ ақын бір сөзден тұратын кітабын мың даналық таралыммен шығарды. Бұл туралы «Супер Омск» басылымы жазды. 

Кітап шынында да бір ғана сөзден тұрады. «Ал содан соң сөз болды» («А после было слово») деп аталатын жинақта «Иә-ә-ә-ә…» («Да-а-а-а-…») деген бір-ақ сөз бар. Ал оған дейін және кейін автордың алғысөзі мен түсіндірмесі берілген.

«Мен мұны ұзақ зерттедім, сосын жұрттың осы сөзді қалай айтатынын байқай бастадым. Әлдеқандай бір жерде әлдебір нәрсе бола қалса, олар ойланып алып, «Иә» дегенді айтады. Бұл – қып-қысқа сөз, бірақ ол тұтас бір әңгімені, тақырыпты толық алмастыра алады. Егер оны әлдебір жерде ести қалсаң, айтып тұрған адамның не ойлап тұрғанын ойланып қаласың да, алдын орап кетесің», — дейді Бақтыбаев.

Осы әдеби туындыны жазу идеясы омбылық ақынға Ұлы Отан соғысы майданында шайқасқан әкесімен сөйлесіп отырған кезінде келген екен. Ол жүріп өткен өмір жолдарын еске алғанда, әр жолы ойлы қалыпта дәл осылай: «Иә-ә-ә-ә…» дейтін көрінеді. Ал Елубай Бақтыбаев біраздан бері жыр жазып, ақындықпен айналысады екен. Бірақ тілі орысша қалыптасқандықтан, орысша жазады. Оның шығармалары интернетте жарияланып жүр. Ал 2009 жылы өлеңдері мен қанатты сөздерден тұратын «Көкке құлақ түргенде» («Слушая небо») деген кітабын шығарыпты.

Ақпарат көзі: egemen.kz

2 сәуір 2015, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.