Оның айтуынша, мемқызметке түсер алдында үмiткерлерге бiрқатар жоғары талаптар қойылатын болады.
«Тағы бір айта кетерлік жайт, талаптар қатарына магистратура, соның ішінде шетелдік магистратура деңгейі енгізілмек. Немесе, үміткердің білімі толықтай шетелдік білім болуы керек деген талап та болады. Бұның себебі, қазір мемлекеттік қызметкерлер шетелдік әріптестерімен, шетелдік мемлекеттік органдармен көп жұмыс істейді. Сондықтан, әр түрлі келіссөздер барысында, қандай да бір шешім қабылданарда, үкіметтік құжаттарды дайындағанда біздің мемлекеттік қызметкерлердің білімі бәсекеге қабілетті болу керек. Сондықтан, біз лауазымдардың жекелеген түрлері үшін талапты күшейтпекпіз», - деп атап өттi Д.Жаненова.
Дереккөз: ҚазАқпарат