Атырау, 27 қараша 03:34
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстан 10 инвестор-мемлекет үшін визасыз режимді 2016 жылдың ортасына дейін ұзартады

2 184 просмотра

Фото: kapital.kzФото: kapital.kzАстана. 1 сәуір. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. ҚР СІМ Қазақстан экономикасына ірі инвестиция салған 10 елдің азаматтарына визасыз режимді тағы бір жылға - 2016 жылғы 15 шілдеге дейін - ұзарту туралы шешім қабылдады, деп мәлім етті Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Этьен.

«Визаға қатысты айтатын болсақ, мұнда да оң алға жылжушылық бар. Біз өз тарапымыздан Қазақстан үкіметінің 2014 жылғы 15 шілдеден бастап 10 шетел азаматтары үшін, оның ішінде Франция үшін де, визасыз режим қабылдағанын өте қуанышпен қабылдадық», - деді сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында Ф. Этьен.

«Қазақстан тарапынан біз мемлекетаралық қарым-қатынасты дамытуға деген мақсатқа бейімділікті көріп отырмыз. Францияға келетін болсақ, біз шенген келісіміне мүше болғандықтан, сіздердікіндей шешім қабылдау үшін біз аталған келісімге мүше мемлекеттердің келісімін алуымыз керек, ал олар – 28 мемлекет. Мен жоғарыда айтқанымдай Франция мен Германия тарапынан оң жылжушылықтар бар, ондай бастама айтылды да, қазір еуропалық тараппен жалпы келіссөздер жүруде», - деді ол.

Сонымен қатар Француз елшісі Қазақстан азаматтары үшін қашан визасыз режим қабылданатынын айта алмады.

«Ол қашан болатынын мен дәл айта алмаймын, бірақ біздер тапамыздан Қазақстан сияқты, оларға жауап ретінде визасыз режим қабылдауды табандылықпен шешпекшіміз», - деді Ф. Этьен.

Еске салсақ, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 14 маусымда Бурабайда өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында 10 елдің инвесторлары үшін бір жақты түрде визасыз режим қабылдайтынын мәлім еткенді.

Кейін ҚР үкіметі АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Корея және Жапония азаматтары үшін 2014 жылғы 15 шілдеден бастап 2015 жылғы 15 шілдеге дейін 15 тәулікке визасыз режим қабылдау туралы шешім қабылдаған.

Кейін ҚР СІМ осы жобаға бірқатар басқа да мемлекеттерді енгізу мәселелерін қарастырып жатқанын мәлім етті. 

Дереккөз: ҚазТАГ

1 сәуір 2015, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.