Атырау, 27 желтоқсан 05:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Қазақстан мен Венгрия бiрқатар екiжақты меморандумдарға қол қояды

1 629 рет қаралды

Астанада Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өз жұмысын бастады, оның барысында бiрқатар екiжақты меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Бизнес-форумға екi елдiң 300-ден астам бизнес өкiлдерi жиналды. Бүгiн тараптар екiжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерiн талқылайды. Форум барысында жаңа индустриялық саясаттың аясындағы шетелдiк инвесторларға арналған шаралардың жаңа пакетi таныстырылмақ.

Бизнес-форум қорытындысы бойынша жеңiл өнеркәсiп, мұнай және газ, сауда және қаржы, медициналық жабдықтар өндiрiсi, кадрларды дайындау және дамытудағы ынтымақтастық туралы бiрқатар екiжақты құжаттарға қол қойылады.

Дереккөз: bnews.kz

1 сәуір 2015, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.