Атырау, 5 қазан 12:24
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жолдастық кездесуде Қазақстан Ресеймен тең түсті

2 061 просмотра

Мәскеуде Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды alaman.kz.

Матчтың бірінші таймында таблодағы есеп өзгерген жоқ. Қазақстан құрамасы қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүруге тырысты. Қос команда бірінші таймдағы жасаған қауіпті соққыларының саны — 6:3, алаң иелері белсенді.

Ресей құрамасы бірінші тайм ортасында Қазақстан қақпасына бір мәрте қауіп төндіргенімен Стас Покатилов ойынды құтқарып қалды.

Екінші таймды Қазақстан өте белсенді бастады. Бауыржан Исламхан екі бірдей қорғаушыны алдап өтіп, тепкен добы бағанадан сәл биік кетті. 48 минутта Лодыгин өзіне тиісті аймақтан шығып, доп ұстаған үшін төреші айып алаңының сыртынан айып добын белгіледі. Бірақ Самат Сымақов тепкен айып добы қорғаушыларға тиіп, кері серпілді.

58 минутта Бауыржан Исламхан Ресей айып алаңына еркін еніп, командаластарына әдемі пас шығарып берген. Бірақ бұл мүмкіндікті Тоқтар Жаңғылышбай пайдалана алмады. 70 минутқа дейін алаң иелері Покатилов қорғаған қақпаға бірнеше мәрте шабуыл ұйымдастыруға тырысқанымен қорғаушылар сәтті қорғана білді. 74 минутта Георгий Жуков та Лодыгин қақпасына жақын маңнан соққы жасаған. Айтпақшы, Жуков ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын өткізді.

90 минутқа дейін қос команда ұтымды шабуыл ұйымдастырғанымен қорғаныс сыр берген жоқ. Төреші қосқан үш минутта да таблодағы 0:0 есебі өзгермеді. Қазақстан биылғы маусымдағы екінші жолдастық кездесуін тең аяқтады. Осыған дейін Красножан баптайтын құрама Молдовамен тең түскен — 1:1.

Мәскеудегі матчтқа Ресейде тұратын жүзден астам қазақстандық арнайы келіп тамашалады.

2008 жылы Қазақстан Ресеймен жолдастық матч өткізіп, 0:6 есебімен жеңілген.

РЕСЕЙ — ҚАЗАҚСТАН 0:0

Ескерту: Жолшиев 17

Ресей: Лодыгин, Щенников (Набиуллин 72), Новосельцев, Березуцкий (Зобнин 22), Козлов, Канунников (Ефремов 81), Камболов, Торбинский (Давыдов 63), Рязанцев (Оздоев 46), Самедов, Дзюба (Портнягин 46)

Қазақстан: Покатилов, Гурман, Малый, Шомко, Сымаков, Энгель, Логвиненко, Жолшиев (Жанғылышбай 43, Щеткин 83), Исламхан, Жуков (Бейсебеков 65), Қонысбаев (Қожамберды 77)

Төреші: Алексей Кульбаков (Беларусь)

Дереккөз: bnews.kz

1 сәуір 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.