Алатау аудандық соты Шевцова-Валованы Қылмыстық кодекстің 164-бабы 1-бөлімімен (ұлтаралық араздықты қоздырды) кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айыруға, жеңілдету шарасын қолданып үш жылға сынақ мерзімімен шартты түрде соттады, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешмет.
Оның айтынша, сотталушы бақылауда болып, оған мамандандырылған мемлекеттік органның хабарынсыз елден кетуіне, мекен жайы мен жұмыс орнын ауыстыруына болмайды. Сонымен қатар, ол 48,5 теңге көлемінде сот шығындарын төлеуге тиіс.
Шевцова-Валова бірнеше әлеуметтік желі қолданушыларының талап-арызы бойынша жауапқа тартылған. Шағымданушылар Шевцова-Валованы Facebook желісіндегі жазбаларында этникалық негізде кемсітушілік пен тіл тигізушілікпен айналысты деп айыптаған.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.