Атырау, 27 қараша 03:40
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

БҚО-да жеңгетайлық пен адам саудасы фактілері анықталды

1 818 просмотра

БҚО аумағында 26-28 наурыз аралығында жүргізілген «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасы барысында екі жеңгетайлық және екі адам саудасы фактілері анықталды.

БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қалалық ішкі істер басқармасы облыс орталығында тұратын, еш жерде жұмыс жасамайтын 46 жасар ер адамға қатысты ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Ол алыс жолда жүретін жүргізушілерге арналған кемпингте Қаратөбе ауданының 19 жасар және Теректінің 20 жасар тұрғынына жеңгетайлық еткен. Сондай-ақ саунаның 26 жасар әкімгері облыс орталығында тұратын өзімен бір жылы туған және Бөрлі ауданынан келген 20 жасар қыздың жезөкшелікпен айналысуына «жағдай жасаған». Мұндай қылмысты жасағандардың мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

БҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен Орал қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің қызметкерлері Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласындағы 26 жасар тұрғынның мына қылмысын анықтады. Ол өткен жылдың ақпанынан наурызына дейін Орал қаласының 20 адамнан тұратын құрылыс бригадасының еңбегін алдау жолымен Ресей Федерациясы Орынбор қаласындағы құрылыс нысанында пайдаланған.

Сондай-ақ Бөрлі ауданының 34 жасар тұрғыны 37 жасар ақсайлық азаматты Теректі ауданында еңбегін қанау мақсатында күшпен ұстаған. Осы екеуіне қатысты ҚР ҚК 128-бабы 1-бөлігіне (адам саудасы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

31 наурыз 2015, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.