Атырау, 27 қараша 03:41
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазкоммерцбанк директорлар басқармасы мен кеңесінің басшылары ауысты

2 375 просмотра

Магжан Ауэзов и Марк Хольцман. Иллюстрация TengrinewsМағжан Әуэзов және Марк Хольцман. Фото: Tengrinews АСТАНА, 31 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. 2015 жылғы 31-ші наурыз – «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар Кеңесі бүгін директорлар Кеңесінің (ДК) және басқарманың жаңа мүшелерін сайлау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Директорлар Кеңесінің отырысының нәтижесі бойынша, бүгін, жақында директорлар Кеңесіне тәуелсіз директор ретінде кірген Марк Хольцман банктің директорлар Кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланғаны хабарланды. Банктің негізін қалаушы Нұржан Сұбханбердин болса Қазкоммерцбанктің ірі акционері ретінде қалады.

Басқарма төрайымы және директорлар Кеңесінің мүшесі Нина Жүсіпова енді өз қызметін директорлар Кеңесінде директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде жалғастыратын болады. Басқарманың жаңа төрағасы болып, 2002 жылдан бері Қазкоммерцбанктің Басқарушы директоры қызметін атқарып келген Мағжан Әуезов сайланды.

Директорлар Кеңесінің бұл шешіміне Нұржан Сұбханбердин былай деді: «Бүгінгі күні Қазкоммерцбанктің Қазақстанда және Орталық Азияда ең ірі қаржы институты болғанына мен ризамын. Мен директорлар Кеңесіндегі өз әріптестеріме және банктің қазіргі ұжымына, сондай-ақ ертеде Казкомда қызмет атқарғандарға қолдау көрсеткендеріне өз алғысымды білдіремін».

Сонымен қатар, ол Хольцман мырзаға директорлар Кеңесін басқаруда табысқа жетуге тілек білдірді.

«Марк Хольцман экономикасы дамып келе жатқан елдерде жұмыс істеген және тәжірбиесі мол, сондай-ақ ол қазақстандық капитал нарығының дамуына өз септігін тигізген алғашқылардың бірі. Сонымен қатар, біз Хольцман мырзаның Barclays Capital және ABN AMRO-да вице-президенті қызметі кезінде алған құнды білімдері мен тәжірбиелері Қазкоммерцбанктегі корпоративтік басқаруды әлемнің үздік тәжірбиелерінің дәрежесінде қолдауды қамтамасыз ететініне сенеміз».

Директорлар Кеңесінің жаңа басшысы Марк Хольцман өз кезегінде: «Маған сенімділік танытқан Нұржан Сұбханбердинге деген менің алғысым шексіз. Оның аты Қазкоммерцбанктің құрылуы мен тәуелсіз Қазақстанда жас кәсіпкерлер буынның пайда болуымен сабақтасады. Ол өз ісіне асқан банктік бизнеспен қатар, өзінің деген арманына сенімділік пен мақсаттылықтың дәлелін көрсете алған азамат. Банк қашанда оның тумасы болып қала береді және біз енді оның жұмысын акционер ретінде көре аламыз.

Дереккөз: newskaz.kz  

31 наурыз 2015, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.