Атырау, 27 қараша 03:13
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Назарбаев экономикалық өсім ырғағын күрт «құлатуға» жол бермеуге уәде берді

1 880 просмотра

Фото: NUR.KZФото: NUR.KZАстана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрслтан Назарбаев ресми БАҚ-та жарияланған өзінің сайлауалды бағдарламасында экономикалық өсім ырғағын күрт «құлатуға» жол бермеуге уәде берді.

«Орта мерзімдік кезеңде шешуші міндет экономикалық өсім ырғағын күрт «құлатуға» жол бермеу болып табылады. Жұмыстың қорытындысы экономиканы әртараптандыру есебінен алынатын жаңа үш-төрт экспорттық өнімнің туындауы болуы тиіс», - делінген сейсенбідегі жарияланымда.

Мемлекет басшысының пікірінше, дамудың жаңа кешендік бағдарламалары негізінде ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу секторын дамыту маңызды.

«Осы орайда, трансұлттық компаниялардың қатысуымен шамамен 10 ірі жобаны жүзеге асыруға кірісу қажет», - деп санайды Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, шешуші бағыт қызмет көрсету саласын, бастысы – сервистік сектордың шағын және орта кәсіпорындарын дамыту болып табылады. Шағын және орта бизнесті қолдау, азаматтар меншігін құқықтық қорғау, олардың әл-ауқатын арттыру тетіктері дамитын болады.

«Бұл – ауылды жерлердегі артық еңбек ресурстарын сіңірудің маңызды мәселесі», - делінген бағдарламада.

Сонымен қатар, туризмді дамытудың жаңа бағдарламасын қабылдаған жөн.

«Қазақстанның интеграциялық саясаты барысында өткен жылдарда, тұтастай алғанда, біздің экономикамыздың әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуын кеңейту үшін аса маңызды құралдар қалыптастырылды. Солардың негізінде біздің өндіруші¬леріміздің үлкен өңірлік нарықтарға енуіне, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақта кедендік және импорттық-экспорттық ресімдерді оңтайландыруға қол жеткізу керек», - делінген бағдарламада.

Президент сондай-ақ, Алматыда қаржы орталығын құру үдерісі жоғары серпінге ие болуы тиістігін атап өткен.

«Бұл жерде Алматының арнайы мәртебесін заңнамалық бекіту маңызды», - деп түйіндеді ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

31 наурыз 2015, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.