Атырау, 27 қараша 03:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әскерге шақырылуға міндетті қызметкерлерінің тізімін ұсынбаған ҚР компания басшылары мен кәсіпкерлеріне айыппұл салынады

2 251 просмотра

Фото: Tengrinews.kzФото: Tengrinews.kzАстана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Әскерге шақырылуға міндетті қызметкерлерінің тізімін ұсынбаған ҚР компания басшылары мен кәсіпкерлеріне айыппұл салынады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Хабарда айтылғандай, 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына, сондай-ақ «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір – маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталады. Естеріңізге сала кетсек, жыл сайын Қазақстанда әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы жасөспірімдер әскер қатарына шақырылады. Әскери қызметін өтеу және Қазақстан Республикасының тұтастығын қорғау әр азаматтың қасиетті борышы және міндеті болып табылады. 2015 жылдың көктемгі науқанында мерзімді әскери қызметке 29 мыңнан астам қазақстандықтар әскер қатарына шақырылады деп күтілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі мен Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар әскери міндет, әскери қызмет және қорғаныс туралы тарауларды да қамтиды. Атап айтқанда, егер ұйым, оқу орны немесе кәсіпорын басшылары бастапқы әскери есепке тұру немесе шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың тізімін уақытылы жергілікті әскери басқару органдарына ұсынбаса олар айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылады. Ұйымның, оқу орнының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ тұрғын үйлерді пайдалануға беруді іске асыратын ұйымдардың лауазымды тұлғаларына және үй иелеріне – 10 АЕК (айлық есебініңкөрсеткіші), ұйымның, оқу орнының бірінші басшыларына – 15 АЕК, шағын кәсіп иелерін е – 20 АЕК, орта кәсіп иелеріне - 30 АЕК, ірі кәсіпкерлерге – 40 АЕКмөлшерінде айыппұл салынады. Бұдан өзге әскери-есеп жұмыстарына жауапты басшы немесе азамат қызметкеріне жергілікті әскери басқару органына шақыру туралы хабар бермесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. 

Дереккөз: ҚазТАГ

31 наурыз 2015, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.