Атырау, 12 мамыр 23:56
 бұлттыВ Атырау +21
$ 516.01
€ 582.47
₽ 6.26

БҚО-ның екі тұрғыны кесілген ағаш үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

3 448 просмотра

Оралдың екі тұрғыны заңсыз емен ағашын кескендері үшін 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды деп хабарлайды сейсенбіде Батыс Қазақстан облыстық соты.

Соттың мәліметінше, ер адамдар Орал қаласының №2-ші «Автодорожник» саяжай қоғамының учаскесінде болып, Орал орман шаруашылығы қорығының иелігіндегі бір түп емен ағашын заңсыз кесіп алған.

«Орал қалалық сотының үкімімен олар ҚР ҚК-нің 340 бабы 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оларға осы бап бойынша  120 сағат көлемінде қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

31 наурыз 2015, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.