Қазақстан 2020 жылға дейін көліктік инфрақұрылымды дамытуға 20 млрд. долларды инвестицияламақ. Бұл туралы бүгін Астана-Батуми бизнес-форумында Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті.
«Біз 2020 жылға дейін 20 млрд. долларға тарта қаржыны көліктік инфрақұрылымды дамытуға инвестициялауды жоспарлап отырмыз. Біз негізінен «Шығыс-Батыс» бағытындағы инфрақұрылым, оның ішінде Каспий және ары қарай Әзербайжан, Грузия мен Түркия бағыты да қамтылып отыр», - деді министрдің бірінші орынбасары.
Сонымен қатар ол бүгінде «Бейнеу-Жезқазған» жаңа темір жолының құрылысына, сондай-ақ «Алтынкөл-Қорғас» екінші темір жол өткелін дамытуға ауқымды инвестиция салынғандығын атап өтті.
Бұл өз кезегінде Грузиямен, сонымен қатар Кавказбен және бұдан ары қарайғы бағыттарда тауар айналымды арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Ж. Қасымбек Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы тауар айналым 115 млн. долларға дейні төмендегенін атап өтті. Осы орайда ол тараптарды сауда көлемін арттыру үшін белсенді ынтымақтастыққа шақырып, инвестициялық байланыстарды нығайту керектігін атап өтті.
Дереккөз: ҚазАқпарат