Атырау, 27 қараша 02:24
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру туралы келісті

3 211 просмотра

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтарының басшылары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша Мемарандумға қол қойды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Меморандумға қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар   және  бөлшек  сауданың  өкілдері  2015  жылғы 1 наурыздағы деңгейінде бағаларды бекітіп, жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауына бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алды»,-делінген хабарламада.

Атап айтқанда, қабынуға қарсы, ауырсынуды және дене қызуын басатын препараттар, антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ, шприцтер және дәкелер.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

30 наурыз 2015, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.